Астаналық «Alga Kazakhstan» командасының өнертабысы арамшөптерді тиімді анықтауға және жоюға көмектеседі. Жасанды интеллекттің арқасында, олардың роботы дақылдарды мұқият талдайды, содан кейін гербицидтердің көмегімен «зиянкестерді» дәл жояды. Қазақстандағы ірі шаруашылықтар жобаны қазірдің өзінде сынақтан өткізіп үлгерді, ал кейбіреулерімен одан әрі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Бейінді министрлік және бірнеше халықаралық компаниялар да қазіргі уақытта оған белсенді қызығушылық танытуда. Айтпақшы, «Alga Kazakhstan» командасының әзірлемесі Solve for Tomorrow 2024 байқауында бірінші орынды жеңіп алды.
Eureka командасы мүгедек жандарға көмек қолын созды. Олар қалалық инфрақұрылым оларға арналмағандықтан, қозғалысы шектеулі жандардың көшеде жүруі өте қиын деп алаңдады. Шешім жетілдірілген мүгедектер арбасы болып табылды. Әзірлеушілер қозғалысты тұрақтандыру үшін шағын қозғалтқышты, протекторларды және жетектерді біріктірді. Бұл мүгедектер арбасына баспалдақтар мен басқа да кедергілерден оңай өтуге мүмкіндік береді. Мүгедектер арбасын жеке джойстикті пайдаланып арнайы қолданба арқылы басқаруға болады.
Beelive командасы бізге аралардың адамдар мен планета үшін маңыздылығын еске салды. Бұл жәндіктер біз жейтін өсімдіктердің шамамен үштен бірін тозаңдандыруға жауапты. Дегенмен, олардың жойылып кету қаупі төніп тұр. Оларды қорғау үшін жас әзірлеушілер инновациялық ара ұясын ұсынды. LoRa және ЖИ модульдерін пайдаланып, омартадағы температураны, ылғалдылықты, пестицидтерді және паразиттерді бақылауға болады, осылайша қауіптерді жояды. Бірнеше қазақстандық ара өсірушілер «ақылды» ара ұясын жоғары бағалады және ұқсас тәсілді енгізуді жоспарлап отыр.
Сал ауруы – белсенді өмірге кедергі емес. Umit командасы бұған сенімді. Олар пайдаланушыларға мүгедектер арбасын, телефонды, ноутбукты және басқа да құрылғыларды бір тілді пайдаланып басқаруға мүмкіндік беретін сандық протез жасап шығарды. Құрылғы бас пен тілді бақылау трекерлері арқылы сигналдар жібереді, бұл әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Umit командасы өзінің жобасымен Solve for Tomorrow байқауында үздік үштікке енді.
Demeu – құлағында мүкісі бар және нашар еститін жандардың өмірін жеңілдететін құрылғы. Ол адамға белгілі бір дыбыстарды таныған кезде дыбыспен ескертетін: нәрестенің жылауы, шәйнектің қайнауы немесе есікті біреудің қағуы секілді бірнеше бөліктерден тұрады. Сонымен қатар, SeptemberG командасы есту қабілеті нашар адамға тез хабарлау үшін бөлмеде не болғаны туралы нақтылаулармен хабарламалар жіберетін чат-ботты әзірлемеге енгізді.
Elym командасыныңм қатысушылары тағы бір өзекті мәселеге назар аударды. Алматылық мектеп оқушылары ауаны тазартатын ықшам аппаратты жасап шығарды. Ол сезбектердің көмегімен көмірқышқыл газының бар-жоғын анықтау арқылы жұмыс істейді. Содан кейін құрылғы реакцияға түсетін кальций гидроксидін іске қосады. Қорытындысында кальций карбонаты түріндегі тұнба пайда болады, ал кіріктірілген желдеткіш таза ауаны шығарады. Сынақ қазандықта жүргізілді. Пилоттық режимде CO2 тазалаудың 90%-көрсеткішке жетуіне қол жеткізілді.
Ақтаулық Proxima командасының жобасы адамдарға сепсистен аулақ болуға көмектеседі. Егер қарапайым тілмен жеткізетін болсақ, ағзаны инфекцияны жұқтырудан қорғайды . Әзірлеушілер жараны тиімді оқшаулау және қалпына келтіру үшін қажетті жасанды теріні шығаратын биопринтерді ұсынды. Қан плазмасының, глицериннің, коллаген ұнтағының және судың қоспасы биопринтерге салынып, өңделеді. Бұл құрылғы медициналық мақсаттарда пайдалануға болатын жасанды теріні тез жасайды.
Speaky жобасы саңырау адамдарға басқалармен оңайырақ қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Құрылғы камерамен жабдықталған. Нейрондық желі арқылы ишарат тілі толық анықталады, содан кейін оны ауызша тілге айналдырады. Оның сөздік қоры кең — 1500-ден астам сөз бен сөз тіркесі бар. Құрылғы сонымен қатар ықшам және ыңғайлығымен ерекшеленеді. Оны қалтаға салып немесе мойынға тағып алуға болады. Жобамен жұмыс жасаған уақытта Termit командасы 11-ден астам алдын ала тапсырыс алды, ал бір ресейлік мүгедектерді қолдау орталығы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.
Tech Vision командасы көру қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды құрылғылардың тұтас топтамасын ұсынды. Олардың қатарына қалталық брайль шрифтін өздігінен үйреткіш, бағдаршам белгілерін дауыспен сүйемелдеу және қағаз ақшаны автоматты тану кіреді. Құрылғылар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдайтындығымен ерекшеленеді. Топтың жобасы Талдықорған көшелерінде сынақтан өткізілуде. Жергілікті билік ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сағыз командасы мектеп жабдықтарының жетіспеушілігіне алаңдайды. Олар отандық білім беру мекемелерінде химиялық анализаторлар жетіспейді деп санайды. Бұл құрылғылар оқушыларға тезірек оқуға көмектеседі және мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайтады. Анализаторды химия және биология сабақтарында қолдануға болады. Бірнеше сенсорлардың арқасында ол реагенттерді дәл бақылауды қамтамасыз етеді. Жас әзірлеушілер қазақстандық мектептер арасында алғашқы тұтынушыларын тауып, оларға өз өнімдерін ұсынуда.