Әлеуметтік желілер мен мобильді ойындардың қарқынды дамуымен көптеген балалар оқуға деген қызығушылығын тез жоғалтады, ал ата-аналар үй тапсырмасына көмектесу кезінде күйзеліске тап болады. SQT командасының Tanym жобасы оқуды ойынға айналдыратын интерактивті Arduino негізіндегі білім беру құрылғысымен бұл мәселені шешеді. Балалар математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша есептерді шешеді, ұпай жинайды және сыйлықтарды ашады. Ата-аналар мобильді қолданба арқылы процесті бақылай алады, ал ЖИ тапсырмаларды баланың деңгейіне қарай бейімдейді.
Дүние жүзінде 800 миллионнан астам адам 300-ден астам медициналық жағдайлардың, көбінесе инсульттан кейінгі жағдайлардың салдарынан сөйлеу қабілетінің бұзылуына ұшырайды. Қарым-қатынастың бұзылуы өз кезегінде кемсітушілікке, әлеуметтік оқшаулануға және тіпті депрессияға әкелуі мүмкін. Soile AI командасы сөйлеуді қалпына келтіру және түсіну үшін интеллектуалды көмекшіні әзірлеу арқылы бұл адамдардың үнінің естілуніе көмектесуге шешім қабылдады. Озық тану және оңалту модульдерін және үйретілген AI-ды пайдалана отырып, өнертабыс ТМД бойынша сарапшылардан оң пікірлер алды және БЦС және инсульттан кейінгі жағдайлары бар науқастар үшін нәтижелерінің 98% дәлдігіне қол жеткізді.
Коронавирус пандемиясы медицина қызметкерлері үшін көптеген қиындықтарды, соның ішінде инфекция қаупінің жоғары болуын, жұмыс жүктемесінің жоғары болуын және инфекцияны бақылаудағы қиындықтарды тудырды. Осы қиындықты мойындай отырып, Шымкенттен келген Maverics энтузиастар командасы медицина қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай автоматтандыратын Robocare курьерлік роботын жасап шығарды. Роботта өзін-өзі басқару, дәрі-дәрмек жеткізу механизмі, ыңғайлы медициналық құралдар және әрбір пациенттің жағдайын талдайтын жасанды интеллект бар. Прототип Шымкенттегі клиникаларда сәтті сынақтан өтті және пациенттерден оң пікірлер алды.
Жаппай ағаш кесу мен жиі орман өрттерінен туындаған ормандардың жойылуының жаһандық мәселесі жоғалған ормандарды қалпына келтіруге кешенді тәсілді ұзақ уақыт бойы талап етіп келді. Осындай тәсілдердің бірін Kozqaras командасы ұсынып отыр, олар көшеттерді өздігінен отырғызатын және топырақты қосымша талдайтын Green Legend роботын жасады. Робот сонымен қатар өрттен кейін қоқысты жинап, отырғызылған көшеттердің әсерін талдау үшін статистика жинай алады.
Кез келген ауыл шаруашылығы маманы құс шаруашылығындағы инфекциялардың таралу мәселесін бағаламауға болмайтынымен келіседі. Тек Қазақстанда ғана құс тұмауының өршуі 2020 жылы шамамен 1 миллион құстың өмірін қиды. Januya командасы ауруларды ерте анықтауға және денсаулықты үнемі бақылауды күшейтуге үлес қосуды шешті. Көкшетауда орналасқан команда кіріктірілген AI, арнайы мобильді қолданбаны және сенсорларды пайдаланып, құс ауруларының кең ауқымын ерте сатыларда анықтай алатын аттас жүйені әзірледі.
Білім беру және ғылыми әдістердің қарқынды дамуымен ауыл мектептері мен балабақшалардың бұл прогреске қалай қол жеткізе алатыны басты сұраққа айналды. Бұл сұрақтың жауабын Тимирязев ауылының энтузиасттары, JanaTolqyn командасының мүшелері тапты, олар заманауи технологиялар мен өсіп келе жатқан білім базасын біріктірді. Олар ауыл оқушылары үшін арнайы жасалған және интернет байланысы нашар немесе мүлдем болмаған кезде де жұмыс істейтін – Sabaq онлайн білім беру платформасын құрды. Платформаны тек мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары ғана емес, сонымен қатар бұл бастаманы қолдауға дайын ауыл әкімдері де жоғары бағалады.
Сүт безі қатерлі ісігі – Қазақстанда, әсіресе ауылдық жерлерде ең көп таралған қатерлі ісік түрі болып табылады. Астаналық EarlyBirds командасының оқушы қыздары қатерлі ісіктің бұл түрін ерте анықтауды қолжетімді ету үшін ерікті түрде жұмыс істеді. Олардың myZone өнертабысы ЖИ, сандық сауалнамалар және портативті ультрадыбыстық құрылғыны біріктіру арқылы сүт безі қатерлі ісігін кешенді және қолжетімді түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өнертабысты тек Solve For Tomorrow ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы басқа да IT–әзірлеуші мамандары, соның ішінде AI Sana да мойындады.
Дүние жүзінде миллиондаған адамдар туа біткен ауытқулар мен неврологиялық аурулардан туындаған сөйлеу бұзылыстарына байланысты коммуникациялық қиындықтарға тап болады. Шымкенттік Soyle командасы бұл мәселені шешудің бірнеше шешімін ұсынады, соның ішінде сөйлеуді мәтінге айналдыратын ақылды көзілдіріктер және ымдау тілін нақты уақыт режимінде аудару үшін АІ-ды пайдаланатын мойын модулі бар. Нақты медициналық мекемелерде сыналған жұмыс прототиптерін ұсынған команда Solve For Tomorrow 2025 байқауында үшінші орын алды.
Инсульттан кейін көптеген науқастар ұсақ моториканың бұзылуын сезінеді, бірақ қалпына келудің кейінгі кезеңдерінде олар тіпті технологиялық қолдаусыз қалады. Қызылордалық мектеп оқушыларының командасы - Nauanix, осы мәселеге назар аударды да, оны ауруханада да, үйде де қолдануға болатын, инсульттан кейін адамдардың қол қозғалысын қалпына келтіруге арналған қолжетімді және ыңғайлы құрылғы ReMotion жасап шығарды. Ол қол қимылын қадағалайды да, ал қалпына келтіруді пациент интерфейсті білегінің көмегімен басқаратын ойынға айналдырады, ал оның прогресі сайттағы көрнекі графиктер түрінде көрініп тұрады. Өзінің қарапайым да, тиімді өнертапқышының арқасында Nauanix командасы Solve For Tomorrow 2025-те екінші орынға ие болды.