Біздің кейстеріміз

Оқытудың жаңа тәсілі
06.02.2023

Оқытудың жаңа тәсілі

Re Vera командасы виртуалды шындық технологиясын қолдану арқылы физика, химия, биология, астрономия мен компьютерлік ғылымдарды оқытатын ұялы қолданба әзірледі. Accessus қолданбасының әзірлеушілері өзінің жобасының артықшылықтары ретінде оқытудың жаңа тәсілі мен оқу процесіне қызығушылығы артқандықтан оқушылардың үлгерімінің артуын көрсетеді.
Жабдық жетіспеушілігі енді мәселе емес
06.02.2023

Жабдық жетіспеушілігі енді мәселе емес

Ауыл мектептерінің 73%-ына химиядан зертханалық жұмыстар жүргізу үшін жабдық жетіспейді. AR Zerthana жобасы осы мәселені толықтырылған шындық технологиясының көмегімен шешуге бағытталған. Арнайы әзірленген қолданбаға оқушылар тіпті, интернет-байланыссыз орындай алатын зертханалық жұмыстар, тесттер мен тапсырмалар кіреді.
АӨК жаңғыруы
06.02.2023

АӨК жаңғыруы

Umai жобасының әзірлеушілері агроөнеркәсіптік кешенді гидропонды фермалар арқылы жаңғыртуды ұсынды. Осындай фермалар сумен, электр қуатымен, күн көзі панельдерімен қамтылған, жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған жабық модульді бөлмелер болып табылады. Жоба ферманы қашықтықтан басқаруды мүмкін ететін Umai Farm қолданбасын әзірлеуді көздейді. Жобаның әлеуметтік маңызы жоғары — ол АӨК өнімділігінің өсуінен бастап экономиканы әртараптандыруға дейін және теңге курсының мұнай бағасына тәуелділігін азайтуды көздейді.
Көзі нашар көретіндерге көбірек мүмкіндік
06.02.2023

Көзі нашар көретіндерге көбірек мүмкіндік

HTA командасының миссиясы — көзі көрмейтін тұлғалардың күнделікті орын ауыстыруы кезіндегі тосқауылдарды жою. Осы үшін команда инновациялық таяқ, магнитті тақташа мен қолбандан тұратын U-Tile жобасын ұсынды. Тақташаның магниттік өрісі таяқтың магнитті өлшегішімен есептеліп, дірілдейді. Бұдан басқа, таяқ арнайы қолданбаға қосылып, оның баптауларын өзгертуге болады. Ал қолданбаның интерфейсі көзі көрмейтін адамдарға үлкен батырмалары мен дауыстық сүйемелдеу арқасында бейімделген.
See the future
06.02.2023

See the future

See the future жобасы басқалардың көмегінсіз өз бетімен орын ауыстыруы қиынға соғатын көзі нашар көретін адамдарға бағытталған. Арнайы бағдарламамен байланысқан дулыға, шағын ДК, камера мен құлаққаптардан тұратын конструкцияның арқасында көзі нашар көретін адам ықтимал тосқауылдар туралы дауыстық хабарлама алып көшеде жүре алады. Қолданбада геолокация, ауа райы, компас пен музыка қолжетімді.
Өртке қарсы тұру біздің қолымызда
06.02.2023

Өртке қарсы тұру біздің қолымызда

Гидрант іздеуге уақыт кетеді, сондай-ақ олардың орналасқан жердегі жағдайы белгісіз. QazHydrant арнайы қосымшасының көмегімен өрт сөндірушілер гидранттардың координаттары, жұмысқа қабілеттілігі мен қысымы туралы өзекті ақпаратты біле алады. QazHydrant қолданып ілкі тәжірибенің нәтижесі бойынша өрт сөндірушілер гидранттарға 4 есе жылдам жетеді.
Қыздарға арналған STEM бағдарламасы
06.02.2023

Қыздарға арналған STEM бағдарламасы

Stem Sisters — бұл қыздарға STEM (ғылым, технологиялар, инженерия мен математика) мансабына шабыт беретін қауымдастық. Жоба қыз оқушыларға тәлімгерлік қолдау мен тегін сабақтарды ұсынады. Онлайн-сыныптар, шабыт беретін тәлімгерлер, үздік ЖОО-ның гранттары, шәкіртақылары туралы пайдалы ақпараты бар сайт, сонымен қатар тақырыптық подкасттар мен арналар — осының барлығы жобаның қатысушылары үшін.
Балалардың терезен құлауынан қорғаныс
06.02.2023

Балалардың терезен құлауынан қорғаныс

Для предотвращения выпадения детей из окон разработан проект SAVVY Window. Проект представляет собой сочетание нескольких устройств — платы Arduino, ультразвукового датчика, датчика движения, клавиатуры для ввода пароля и управляющего окном сервопривода. Такая конструкция защитит детей, а значит пригодится в школах, детских садах, домах и квартирах.
Экологияны сақтау — дұрыс жол
06.02.2023

Экологияны сақтау — дұрыс жол

Экоөнім — уақытша тренд емес, бұл көптеген компаниялар мен адамдар таңдайтын жол. Сондықтан QAZAQSTEAM командасының әзірлеушілері аэропоникаға негізделген жоба әзірледі. Аэропоника — өсімдіктерді топырақсыз ауа ортасында өсіру процесі. Аэропонды қондырғылар икемді және оңай орнатылады, ал оларды пайдалану жаһандық экологиялық мәселелерді шешудің жолын ұсынады.