Мехатроник командасының балалары вирустар мен бактериялардан тиімді қорғанудың жолдарын іздестірді. Олар үй заттарын жанасусыз өңдеуге және медициналық бұйымдарды қайта өңдеуге арналған құрылғыны ойлап тапты. Прототип бірден үш бөліктен тұрады: залалсыздандырушы, утилизатор және санитайзер. Өңдеу үрдісі ультра күлгін сәуленің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл адамдар үшін тез және қауіпсіз. Осындай құрылғыларды қоғамдық жерлерде орналастыруға болады, оларға күтім көрсету оңай. Кішігірім нұсқалары да бар, оларды өзімен бірге ұстап жүруге ыңғайлы және олар телефондар, жеке гигиена заттары және басқалар сияқты жеке заттарды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Shabyt жобасы өрттермен тиімді, тез және қауіпсіз күресуге мүмкіндік береді. Балалар бірден жоғары өтімділігі бар бірнеше роботты әзірлеп шығарды. Құрылғылар автономды жұмыс жасайды және ЖИ-мен, заманауи камералармен және ультра дыбыстық сезгектермен жасақталған. Өртпен күресуден бөлек, олар бағдар үшін сенсорларды пайдалана отырып, тіпті түтінге толған бөлмелерде газтұтқыштарды, қажетті материалдарды жеткізе алады. Тағы бір ерекшелігі – машиналар өрт шыққан жерді өз бетімен анықтайды және оның қарқынын және таралуын талдайды. Өртті сөндіру жүйелеріне арнайы заттектер және су ағындары кіреді. Шетелдік аналогтармен салыстырғанда Shabyt роботтары 10 есе арзан және функционалдық қызметтері олардан кем болмайды.
«Vision Assistant» жобасы көзі көрмейтін адамдарға арналған. Көзу қабілетінің нашарлауына байланысты проблемалары бар көптеген адамдар көшелерде алаңдамай жай қозғала алмайды, олардың таяқтары ыңғайсыз және сенімсіз. Newview командасы келесі инновациялық идеяны ұсынды: ультра дыбыстық сезгектерді қолданатын электронды білезік. Құрылғы аяққа киіледі, ол 1 метр радиуста нысанды немесе бөгетті анықтаған жағдайда, дірілдейді және иесін хабардар етеді. Оған қосымша ретінде VA веб-қосымшасы бар, ол соқыр адамдарға құлап қалғанда немесе басқа жағдайларда өз ата-аналарын, достарын немесе қамқоршыларын ыңғайлы хабардар етуге мүмкіндік береді. Білезікті сынақтан өткізген соқыр адамдар қозғалыстың одан да ыңғайлы және қауіпсіз болғанын атап өтті. Әзірлеушілер қазіргі таңда ынтымақтастыққа қызығушылық білдірген компаниялардан көптеген өтінімдерді алды.
IMAgroup командасы көзі көрмейтін адамдардың проблемаларына назар аударды. Мәселені зерттей келе, Қазақстанда қазақ тіліндегі «Брайль» пернетақтасының болмағаны анықталды. Олар оны әзірледі, сондай-ақ әзірлеушілер қол жетімді материалдардан «Брайль» тілінде қағазға символдарды басып шығара алатын, толық қанды жұмыс жасайтын принтерді жасап шығарды. Енді көзі көрмейтін немесе көзі нашар көретін адам пернетақтадан тек Брайль символдарын енгізіп қана қоймай, сондай-ақ мәтіндерді қағаз бетіне де басып шығара алатын болады.
«Full speed wheelchair» жобасы мүгедектігі бар тұлғалардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әзірлеуші қыздар механикалық мүгедектер арбашасының күннен-күнге қолдану үшін көп физикалық күш салу қажеттігін назарға алды, ал электрлік аналогтерді көп адамның қалтасы көтере алмайды. Мәселенің шешімі ретінде қарапайым мүгедек арбашасын гироскутермен бірге біріктіру ұсынылды. Бірегей құрылымды мүгедектігі бар бірнеше адам сынап көрді. Олар идеяны жоғары бағалап, қозғалу бұрыңғыға қарағанда біршама жеңіл де, жылдам болғанын атап өтті. Әзірлеменің басты артықшылығы – оның нарықта бар электр арбашаларға қарағанда біршама арзан болуы.
Electric Samovar – бұл батып жатқан адамдардың өмірін сақтап қалуға арналған құрылғы. Ақылды дабыл қалтқылары дәстүр бойынша су бетінде орналасады. Қосымша ретінде аталған жүйе тек шектеу үшін ғана емес, сондай-ақ адамның өміріп сақтап қалу үшін қолданылады. Егер біреу батып жатса, ол шағын қалтқыны ұстап, төтенше батырманы баса алады. Орналасқан жері көрсетілген дабыл құтқарушыларға дейін лезде жетеді.
«Balashaqim» командасы аутизмі бар балаларға көмектесуге шешті. Осындай сырқаттың болуы балаларға әлеуметтік топтың бір бөлігі болуға қиындықтарды туындатады, сондай-ақ қажетті емдеудің қол жетімді болмауы да жағдайды қиындатады. Балалар келесі шешімді тапты: олар «арнайы адамдарда» эмоционалды интеллектті дамытуға көмектесетін компьютерлік қосымшаны әзірлеп шығарды. Жүйе ЖИ бірегей алгоритмі арқасында жеңіл формада және өте тиімді жолмен адам сезімдерін оқуға мүмкіндік береді, онда сондай-ақ материалды жылдам игеруге арналған мәтіндер бар. Әзірленген «Drive Beyond» қосымшасы қазіргі таңда бірнеше оңалту орталықтарында белсенді пайдаланылып жатыр.
«Avduners» командасы жер сілкінісінің және оның салдарының қамын ойлады. Бұл бүгінгі күні Қазақстан және көптеген басқа да елдер үшін өзекті мәселе. Әзірлеушілер қол жеткізуге қиын жерлерге дейін жете алатын, адамдарды үйінділердің астында тез табатын және медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізе алатын робот-құтқарушыны ұсынды. Жылан пішіндес құрылғы ЖИ негізінде жұмыс жасайды, барлық бөлшектері 3Д принтерде әзірленіп шығарылған. Роботты Алматы қаласының төтенше қызметтерінің жабық оқуларында сынақтан өткізді, онда ол өзін жақсы көрсетті.
Ауыл шаруашылығындағы IB Inventory командасынан сандық революция. Балалар ауыл шаруашылығында автономды басқаруды енгізуге мүмкіндік беретін ақылды жүйені әзірлеп шықты. «AgriMo» жобасы агрокәсіпорындарға егістерді жануарлардан қорғауға, мол өнім жинауға, қаржылық шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді. Жеке алғанда, ЖИ негізіндегі жүйе дыбыстық сигналдар арқылы ауа-райын үлкен дәлдікпен болжауға, топырақтың күйін қадағалауға, егістерден жануарларды қууға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы платформада фермерлер бір-бірімен араласып, тәжірибесімен бөлісе алады, ал ниет білдіргендер ауыл шаруашылығының мамандықтарын меңгере алады.