Virgo командасының қатысушыларын шахта шеберлерінің қаза болуына себеп болатын CH4, H2, CО2 тәрізді жарылғыш және улы газдардың шахталарда таралу қаупі алаңдатқан еді. Олар ұсынған Nuret SS жобасы шахташыларды құтқаруға көмектеседі. Құрылғы ауадағы газдарды талдайды және зиянды газдардың ауаға таралуы орын алған жағдайда дыбыс және жарық сигналын беруі ойластырылған. Құрылғы кірістірілген экранда зиянды заттардың ауадағы қазіргі деңгейін көрсетіп, оны ұялы қолданбаға жолдайды.
Ortus командасы шығын келтіретін және жерді тиімсіз өңдеуден қиналатын фермерлердің тағдыры туралы ойланды. Құрылғы аса ауыр жүкті көтере алады, жұмысқа қажетті сұйықтықтың үлкен көлемімен жұмыс істей алады, салыстырмалы түрде төмен бағасымен ерекшеленеді және автоматты жұмыс істейді. Олардың өнетабысының арқасында дақылдарды өңдеу тиімдірек болып, кәсіпкерлердің кірісінің өсуі күтіледі.
KazBionics-ты қолдары ампутацияланған адамдардың мәселесі толғандырып, олар қолжетімді бағаға жақсырақ өмір сүруге сенім ұялатуды қалайды. Команда бұлшықет импульсы мен дауыс арқылы басқарылатын қол протезін әзірледі. Бұдан басқа, KazBionics балалардың жағдайын ойлап, тек балаларға арналған протез ғана емес, сонымен қатар сүйікті кейіпкерлермен дизайн ауыстыру мүмкіндігін ойластырды.
"Дабыл батырмасы" жобасын әзірлеушілерді лифттер мен тұрғын үйлерде орын алатын физикалық және жыныстық зорлықтың көрініс табуы алаңдатады. Осындай жағдайлардың орын алуын азайту үшін төтенше жағдай туындағанда лифтте орнатылатын осындай батырма полицияның учаскелік уәкіліне және үй тұрғындарына смс жолдайды. Осы батырма тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік органдарына да пайдасы тиеді, себебі батырма оқиғаларды түсіру үшін лифт операторларымен және бейнебақылау камераларымен байланысады.
"PosTrue" жобасы дене мүсінін бірітіндеп жақсарту үшін жасалған. Жоба әзірлеушілері дұрыс дамымаған дене мүсінінің мәселесіне көңіл бөлуге шақырады, себебі ол денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Бүкірлікпен күресудің бар тәсілдерінің барлығын қарап шыққан қатысушылар арқаны түзетуге арналған PosTrue құрылғысын ойлап тапты. Өнертабыс омартқаның қазіргі орналасуын анықтап арқаны түзетуге арналған кеңес берілген жаттығуларды көрсетеді. Оған қосымша омыртқа жағдайын жақсартуда толығырақ көмек кешенін алу үшін қолданба арқылы массажистермен байланысуға болады.
First Lady командасы қоршаған ортаның ластануына алаңдаушылық білдіреді және осы мәселемен күресудің өз нұсқасын ұсынады. Олар "Валлибек" атты қазақ тілін білетін бірінші бөтелке-қабылдаушы роботты таныстырды. Пластикті өткізіп, орнына роботтан сыйақы алуға болады. Осылайша First Lady адамдарды қоқысты жиі дұрыс өңдеуге және оны сұрыптауға ынталандырғысы келеді.
Onde жобасын әзірлеушілер тағам қалдықтарын әкету сервисі арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға және оларды әрі қарай фермерлер мен АӨК-ке арналған тыңайтқышқа айналдыруды ұсынады. Қайта өңдеу қолжетімдірек болуы күтілуде, бұл елдегі экологиялық жағдайға жағымды әсер ететіні анық, ал процесстің өзі 5-6 есе азырақ уақыт алатын болады. Onde жабдығы қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жаратуды әркімге қолжетімді етеді және ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі.
Шынын айтқанда, ауруханаға бару ешкімге ұнамайды. Бітпейтін кезек, жұмысы басынан асатын дәрігерлер, процестерді автоматизациялаудың болмауынан келесі жолы ауруханаға тіпті барғың келмейді. Сондықтан Qarapayim командасы SenimPlus дәрігері арқылы осы жағдайды өзгертпекші. Олардың өнертабысы инфекциялық ауыруға шалдыққан науқастарды анықтап, жеделділік категорияларына бөледі және аурухана қызметкерлері мен келушілері арасында ауру жұқтыруды азайтады. Тағы робот деректерді виртуалды медициналық картаға жазады және дене температурасы мен пульсты өлшеуге көмектеседі.
RobotixFM командасы алысқа қатынайтын жүргізушілердің мәселесін шешуге қызығушылық танытты, нақтырақ айтқанда олардың көлік жүргізіп ұзақ уақыт бойы ұйықтамайтындықтан жол апатына түсу қаупі бар. Қатысушылар роботпен байланысқан білезік түріндегі "Smart companion" робот-компаньонын ойлап тапты. Егер ол жүргізуші жағдайында өзгерістерді байқаса, ол діріл, шиқыл немесе ауаны ароматизациялау тәрізді белгі береді. Осылайша өнертабыс жүргізушілердің зейінін жолға аударуға көмек пен жол жүргенде қолдау қызметін көрсетеді.